Сақтау орнындағы файлдарды қалпына келтіру

Карантинге немесе резервтік сақтау орнына орналастырылған файлды қалпына келтіру үшін:

  1. Қоймалар қалтасындағы Консоль ағашында салынған Карантин немесе Сақтық көшірмелеу қалтасын таңдаңыз.
  2. Карантин (Сақтық көшірмелеу) қалтасының жұмыс аймағында Shift және Ctrl пернелерін қолдана отырып, қалпына келтіру қажет болған файлдарды таңдаңыз.
  3. Файлдарды қалпына келтіру процесін келесі тәсілдердің бірімен іске қосыңыз:
    • Файлдың мәнмәтіндік мәзірінде Қалпына келтіру тармағын таңдаңыз.
    • Таңдалған файлдармен жұмыс блогында Қалпына келтіру сілтемесі бойынша.

Нәтижесінде, клиент құрылғыларындағы сақтау орындарына файлдарды орналастырған қауіпсіздік бағдарламалары осы файлдарды бастапқы қалталарға қалпына келтіреді.

Басына оралу